Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 6 наурызда сағат 16.00 шамасында “102” пультіне белгісіз ер адамның Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға қарақшылық шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады.
Ер адам клиниканың кассирін пышақпен қорқытып, 200 мың теңге көлеміндегі ақшаны тартып алып, белгісіз бағытта бой тасалаған.
Бұл факт бойынша өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары “ізін суытпай” осы қылмысты жасауға қатысы бар 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ер адам өз қылмысын мойындады. Заттай айғақтар алынды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.