Маңғыстауда синтетикалық есірткі сатып келген 40 жастағы келіншек ұсталды

24 Ақпан 2022, 22:56
1221
Бөлісу:
Маңғыстауда синтетикалық есірткі сатып келген 40 жастағы келіншек ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының полицейлері синтетиканың жеткізу арнасын жапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жеке тінту барысында одан жалпы салмағы 700 грамнан асатын екі бума мефедрон алынды.

Осылайша, 1400-ден астам бір реттік мөлшердегі синтетиканың көлеңкелі нарыққа түсуіне тосқауыл қойылды.

ҚР ІІМ бейінді департаментінде түсіндіргендей, ұсталған азаматша Ақтау қаласының аумағында түрлі Telegram-чаттар мен интернет-дүкендер арқылы сатуға арналған синтетикалық есірткінің көтерме партиясын жеткізіп отырған.

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған азаматша мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық байланыстарды және осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы