Маңғыстауда рейд кезінде борышкерлердің 34 автокөлігі ұсталды

10 Тамыз 2021, 16:41
2824
Бөлісу:
Маңғыстауда рейд кезінде борышкерлердің 34 автокөлігі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 5 ай ішінде рейдтік іс-шара кезінде борышкерлердің іздеуде жүрген 34 автокөлігі ұсталған.

Сәуір айынан бері облыста алимент пен айыппұлды азайту мақсатында рейдтер жүргізілуде. 5 ай ішінде сот орындаушылары мен полиция қызметкерлерінің берлескен жұмыс барысында іздеуде жүрген 34 автокөлік ұсталды, - деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылары палатасының баспасөз қызметі.

Борышкерлердің бірі өзінің «Ладасын» 5 ай гаражда жасырған. Екі өндіріс бойынша салық және жол апатында адамға келтірілген зиян үшін берешегімен 1 млн 400 мың теңге қарызы болды. Көлікті айыппұлға қойған соң, ер адам қарызды толық жапқан.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде алимент өндіру бойынша іздеуде жүрген автокөлік саны 2 мыңнан асқан, оның 259-ы рейдтердің нәтижесінде ұсталып, арнайы автотұраққа орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы