Маңғыстауда прокуратура мұнай компаниясының қылмысты жасырғанын әшкереледі

Бүгiн, 11:04
174
Бөлісу:
Маңғыстауда прокуратура мұнай компаниясының қылмысты жасырғанын әшкереледі
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында мұнай-газ саласында сервистік қызмет істейтін компаниялар өндіріс ошағында болған жазатайым оқиғаларды осы уақытқа дейін жасырып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Прокуратура тексерген уақытта өндіріс аумағында жұмысшылардың алған жарақатына байланысты материалдарды құқық қорғау органдарына жібермегені белгілі болды.

Жұмысшының жарақаты бойынша оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы қорытынды берілгеніне қарамастан, мұнай сервистік компанияның лауазымды тұлғалары бұл деректі жасырған. Тағы бір жазатайым оқиға бойынша дәл осындай оқиғаны жасырғаны белгілі болды, - деді облыс прокуратурасынан.

Өңір прокуратурасы жинаған материалдар ҚК-нің 156-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс болып тіркеліп, сотқа жіберілді.

Жарас Мақсатұлы

Өзгелердің жаңалығы