Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы 24 қаңтарда кезекші бөлімнің "102" пультіне 13 жастағы қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны жөнінде арыз түскен.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, заңсыз әрекеттерді алдын ала ақпарат сәйкес жәбірленушінің өгей әкесі жасаған. Ведомство нақтылағандай, аталған ер адам 2026 жылғы 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған.
Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі – "Кәмелетке толмағанды зорлау" дерегімен қылмыстық іс қозғады.
Полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілгені айтылды.
Ведомствода бұған қоса Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Бұған дейін Кентауда екі өгей қызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталған еді.