Маңғыстауда Низами Гянджевидің 880 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

29 Желтоқсан 2021, 15:10
1703
Бөлісу:
Маңғыстауда Низами Гянджевидің 880 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен әзірбайжанның ұлы ақыны, ойшылы Низами Гянджевидің 880 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Ақтау қаласында тіркелген Түркия, Иран, Түрікменстан, Өзбекстанның Бас консулдары, диаспора басшылары мен зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Маңғыстауда Низами Гянджевидің 880 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Нұрлан Ноғаев көпшілік қауымды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, әйгілі ақын шығармашылығының өзектілігіне, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталып өтті.

Маңғыстау облысында экономиканың әр түрлі салаларында әзірбайжан капиталының қатысуымен 212 кәсіпорын тіркелген.

Сондай-ақ аймақта әзірбайжандық инвесторлардың араласуымен бірқатар жоба іске асырылып жатыр. Мәселен, 2016 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында Қазақстан мен Әзірбайжан президенттерінің басшылығымен логистикалық орталық жобасы жүзеге асырылды. Бұл жобаға «Anadolu Investment Company» мекемесі 3,7 млрд теңге жұмсады. Бұдан бөлек, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС кабельдер мен трансформаторлар шығаратын зауытты салу жобасы қолға алынды. Нысан 2023 жылы іске қосылып, 150 жаңа жұмыс орын ашады деп күтілуде.

Айта кетейік, салтанатты шарада М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облысы филармониясының әртістері Ұлы Әзірбайжан композиторларының Низами Гянджевиге арналған шығармаларын орындады.

Маңғыстауда Низами Гянджевидің 880 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Маңғыстауда Низами Гянджевидің 880 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Низами Гянджевидің әдеби мұрасы Таяу Шығыс пен Орта Азияда Орта ғасыр әдебиетінің одан әрі дамуына үлкен із қалдырды. Ақынның «Құпиялар қазынасы», «Ләйлә мен Мәжнүн», «Жеті сұлу», «Искандер-наме», «Хосров пен Шырын» 5 туындысы Әзірбайжан поэзиясының қазынасына енген.

Өзгелердің жаңалығы