Қыс мезгілі кезінде халықтың қауіпсіз жүріп-тұруын күшейтіп, мұз қатқан жерде қатерлі оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін насихаттау – шараның негізгі мақсаты. ТЖМ қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен, полициямен және еріктілермен рейд жүргізіп, үгіт-насихат шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Каспий теңізінде жүзу құралдарымен негізгі ережелерді сақтап жүруі бойынша мониторинг жүргізілді, жадынамалар таратылды, балықшыларға және демалушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Акция аясында аймақ тұрғындарының айтарлықтай санын қамтып, олардың тәуекелдер туралы хабардарлығын арттырды. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, "Мұз" республикалық акциясы 2024 жылдың қарашасынан бері өткізіліп келе жатыр. Іс-шара қыс, көктем маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізілмек.
Жарас Мақсатұлы