Маңғыстауда мұнай мен газды заңсыз өндірген компания айыппұл арқалады

20 Тамыз 2024, 05:30
360
Бөлісу:
Маңғыстауда мұнай мен газды заңсыз өндірген компания айыппұл арқалады
Фото: baq.kz

Маңғыстау облысында заңсыз мұнай және газ өндірген серіктестікке 7 миллион 8 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң бұзушылық дерегін табиғат қорғау прокуратурасы әшкереледі. Қадағалаушы орган қызметкерлері мекеменің жыл басынан бері атқарған жұмысына талдау жүргізген. Қорытындысында жер қойнауын пайдаланушы компания экология департаментінің рұқсатынсыз бір аптадан астам уақыт қара алтын мен оның ілеспе газын өндіргені белгілі болды. Аға прокурор Нұрлан Оразбаевтың айтуынша, биыл өңірде осыған ұқсас бірнеше дерек анықталған.

Экологиялық заңнама талаптарына талдау барысында бірнеше заң бұзушылықтар анықталды. Мұнай компаниясы экологиялық рұқсатсыз мұнай және газ өндіруді жүзеге асырған. Сол бойынша әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 328-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді облыстық табиғат қорғау прокуратурасының аға прокуроры Нұрлан Оразбаев.

Өзгелердің жаңалығы