Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің аяғы ауыр болып шықты

14 Шілде 2024, 20:04
2730
Бөлісу:
Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің аяғы ауыр болып шықты

Денесінің бірнеше жерінде жарақаты бар 2000 жылы туған әйел облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 13-шілде күні түнде сағат 22:40 шамасында жеткізілген. 

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасты кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде операция жасаған.

 Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Науқастың аяғы ауыр, жүктілігі - 10 апта. Қазір науқастың жағдайы - тұрақты ауыр. Есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр, - дейді аурухананың баспасөз хатшысы Жұлдыз Қалиева.

Еске салайық, әлеуметтік желіде ер адамның әйелін пышақтағаны туралы бейнежазба тараған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы