Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында құрылған 24 мониторингтік топ карантиндік талаптарды бұзудың 4 жағдайын анықтаған.
Олар барлығы бетперде режимін сақталмауына байланысты болған.
Жыл басынан бері, облыс бойынша мониторингтік топтар тарапынан 60 рейд жүргізіліп, 781 объект мониторингпен қамтылған. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің карантин талаптарын бұзудың 4 фактісі анықталған. Оның ішінде Ақтау қаласындағы Uncle Jaск түнгі клубына 2 айыппұл және 1 айыппұл Золотой Дракон кафесіне салынған.
Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы Вегас фотосалонында да бетперде режимі сақталмайтыны анықталған.
Аталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 1 050 120 теңге әкімшілік айыппұлдар салынған, - делінген ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан ақпаратта.