Маңғыстауда фотоқақпанға тағы бір жыртқыш аң түсіп қалды

18 Қаңтар 2024, 18:27
2688
Бөлісу:
Маңғыстауда фотоқақпанға тағы бір жыртқыш аң түсіп қалды
Фото: mangystaumedia.kz

Бұл жолы Маңғыстау облысы мамандарының “қақпанына” шағыл мысық түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Мangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жабайы жануар құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Бұдан бөлек, шағыл мысығының санына қарай аз аумақтарда ерекше қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.

Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы мәлімдеді.

Маңғыстау облысының аумағында орнатылған фотоқұрылғыға шағыл мысығы түсті Бұл жануардің дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. Арқасы мен бүйірі құм түстес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы қара қоңыр, құлағы үшбұрышты келеді. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Ұсақ кеміргіштермен кейде бауырмен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді, - деді басқарма өкілдері.

Түз тағысы қорегін аулауға түнде шығады. Сондай-ақ, шағыл мысықтар ақпан-наурыз айларында шағылысып, аналығы сәуір-мамыр айларында 2-5 жас мысық туады. Осыған дейін Маңғыстау облысында «Манашы» қорығында ақ қасқыр фотоқақпанға түскен еді.

Сондай-ақ, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының мамандары фотоқұрылғыға сирек кездесетін бүркіттің түскенін хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы