Маңғыстауда өткен жылы құқық қорғау органдары есірткі тарататын 110 сайтты бұғаттаса, биыл 15 сайттың жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Egemen.kz жазды.
Құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ есірткі саудасын тоқтату бағытында үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити жазуларды жойған.
Айта кетейік, прокуратура, құқық қорғау және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру ұсынылды. Топтың мақсаты-нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтынушыларды анықтап, жастардың есірткіні қолдануға немесе заңсыз айналымына тосқауыл қою.
Өткен жылы есірткі қылмыстары үшін 300-ге жуық адам сотталды. Биылғы жылдың 3 айында 40 адам сотталған. Оның ішінде осы алтауы синтетикалық есірткімен байланысты қылмыс. 1 апта бұрын ұлттық қауіпсіздік комиттеті 4 азаматты ұстады. Олар Каспий теңізі арқылы 15 кг жуық опи есірткі затын сатуға алып келген. 4 азамат қазір соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Маңғыстау облыстық Прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.
Жалпы биыл өңірде есірткі қылмысы 49%-ға төмендеген.