Маңғыстауда экологиялық бұзушылықтар үшін 7,8 млн теңге айыппұл салынды

19 Тамыз 2024, 13:28
319
Бөлісу:
Маңғыстауда экологиялық бұзушылықтар үшін 7,8 млн теңге айыппұл салынды
Фото: BAQ.KZ -архив

Табиғат қорғау прокуратурасымен талдау барысында экологиялық заңнаманың бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған. 

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады. 

Өзгелердің жаңалығы