Маңғыстауда балық шаруашылығының үлесі артты

7 Наурыз 2023, 15:17
902
Бөлісу:
Маңғыстауда балық шаруашылығының үлесі артты
Фото: Лада.кз

Өңірінің балық шаруашылығы саласын дамытуға биыл 20 млн теңге бөлінді. 2022 жылдың шілдесінен 9 мың тоннадай квота бөлініп, оның 2000 тоннасы игерілген. Мемлекеттік қолдау аясында берілген 10 млн теңгенің 9 млн теңгесі шаруаларға бөліп берілді, деп жазады Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

Маңғыстау облысында балық шаруашылығымен айналысатындардың үлесі 23% артты.

 2022 жылға акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға мемлекет тарапынан 10 500 000 теңге қаражат бөлінген болатын. 9 600 000 теңгесі игерілді, - деді Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы басқармасының акваөсіру және субсидиялау бөлімінің басшысы Ғабит Балғабаев. 

Қазір өңірде 793 балықшы, 162 бригада бар.  2021 жылы балықшылардың саны – 610, бригадалар 121 болған еді. Каспий теңізі жағалауында орналасқан кәсіпшілік балық аулау аумағы 6 шаруашылық ауданына, оның ішінде 33 учаскеге бөлінген. Оның 18-і Түпқараған ауданы, ал 8-і Қарақия ауданына тиесілі. Тағы 7 учаске резервте тұр. 

Өзгелердің жаңалығы