Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ІІМ-нің дістүрлі брифингінде айтты.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағаға сатып аламыз деген желеумен инвесторларды тартып алған «Плюс Капитал» ЖШС басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Сотталушылардың қылмыстық әрекетінен 642 азаматқа жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам шығын келген. Тергеу барысында 450 көлік, 3 жеке үй және 1 жер телімі алынды, - деді ол.
Әділов атағандай, сот үкімімен кінәлілер мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Полиция органдары жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағамен сатып аламыз деген желеумен қаржы пирамидасын құрған «Home Auto Invest» ЖШС-нің жетекшілерінен тұратын қылмыстық топ мүшелерінің төлемін өтеу шартымен тоқтатты. Олар мүліктің құнын 3 ай ішінде бөліп-бөліп қайтаруға келіскен. Алайда ақша қайтарылмаған.Бұл қылмыстың құрбаны болған 700-ден астам азаматқа жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келтірілген, - деді ол.
Әділов атағандай, тергеу барысында 11 пәтер мен 67 автокөлік қамауға алынды.
Іс сотта қаралып жатыр.Сондай-ақ қылмыстық топ құрамында 3-6 айдың ішінде 100 пайыз сыйақы, сондай-ақ сыйақы аламын деп азаматтардан ақша тартып алған «Evolution corp.» ЖШС өкілдеріне қатысты қылмыстық істің қорытындысын атап өтуге болады. Қаржы пирамидасын құрған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен 2 мыңнан астам жәбірленушіге 3 миллиард теңгеден астам сомаға мүліктік залал келтірілді, - деді ол.