Маңғыстауда 700-ден астам азамат әскерге шақырылады

2 Наурыз 2023, 15:06
867
Бөлісу:
Маңғыстауда 700-ден астам азамат әскерге шақырылады
Фото: Тумба.кз

Маңғыстау облысында биыл көктемгі әскерге шақырту науқанында 750 азамат әскерге аттанбақ. Шақырту 18 бен 27 жас аралығындағы жеті жүз елуден астам жасөспірімге жіберілді, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

Әскерге шақырылушының білім деңгейі, мамандығы және моральдық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі әскери бөлімге жіберіледі.

Мәселен, десантшыларға қойылатын бірнеше талап бар. Сарбаздың бойы 170 см-ден асуы қажет және спортқа жақын болғаны жақсы. Сонымен қатар, әскерге айтишниктер, жүргізушілер, байланысшылар, музыканттар және жоғары білімі бар балалар келеді. Оларды қажеттілігіне орай, жан-жаққа бөледі, - дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Нығмет Ахмет.

Маңғыстауда 700-ден астам азамат әскерге шақырылады

Айта кетейік, егер азамат ешқандай себепсіз мерзімді әскери қызметке шақыртудан жалтарса, заңнамамен қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жаза ретінде 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Медициналық куәландырудан немесе тексеруден өтуден жалтарғаны үшін әкімшілік ескерту немесе 3 АЕК яғни, 10 350 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді. 

Өзгелердің жаңалығы