Маңғыстауда 3500-ге жуық ауыл тұрғыны ауыз сумен қамтылды

22 Мамыр 2024, 17:10
296
Бөлісу:
Маңғыстауда 3500-ге жуық ауыл тұрғыны ауыз сумен қамтылды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі Маңғыстау облысында 3500-ге жуық ауыл тұрғынын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Маңғыстау облысының Ақшымырау және Қызан ауылдарына су беру сапасын жақсарту үшін су құбырларын қайта жаңарту жұмысын аяқтады.

Су құбыры желісі осы елдімекендерде тұратын 3500-ге жуық адамды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Жаңа су құбырлары осыған дейін қиындықтар туындаған аймақтарды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Өзгелердің жаңалығы