Өткен жылы марихуана өсірілетін төрт есірткі зертханасын жойылды. 2023 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында есірткі бизнесіне қатысты 320 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотқа 270 қылмыстық іс жіберілді. Оның 57-сі ауыр және аса ауыр қылмыстар. 255 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, тағы 43 адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша 325 профилактикалық іс-шара өткізілді, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ рейдтік іс-шаралар барысында 530 граффити-жазулар өшірілген. Telegram-да 115 сайт пен интернет-дүкендер бұғатталды. Солар арқылы есірткі саудасымен айналысқандар белгілі болды.