Маңғыстауда 24 мектеп бой көтереді

5 Қазан 2021, 09:50
15338
Бөлісу:
Маңғыстауда 24 мектеп бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады. Сондай-ақ ол денсаулық сақтау саласындағы 16 нысан салу көзделгенін алға тартты.

Оның ішінде Ақтау қаласындағы көп бейінді аурухана, емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт бой көтереді. Білім беру саласында 24 мектеп және 11 қосымша құрылыс салынатын болады. Сондай-ақ 5 колледж заманауи жабдықтармен жабдықталады, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар Кешенді жоспар шеңберінде мәдениет және спорт саласына да мән беріледі.

Өңірде тарихи-өлкетану мұражайы мен драма театрының, стадионның, мұз сарайының, 3 спорт кешенінің және басқа да бірқатар объектінің құрылысы жоспарлануда. Кешенді жоспардың бірқатар іс-шарасы өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда, «Қошқар-ата» қалдық қоймасы қалпына келтіріліп, 4 ҚТҚ полигоны салынады, - деп отыр Әсет Ерғалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін 33 мың маңғыстаулық баспаналы болатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы