Маңғыстауда 200-ге жуық ата-ана бала мүддесін қорғамағаны үшін жауапқа тартылды

5 Қазан 2023, 01:35
661
Бөлісу:
Маңғыстауда 200-ге жуық ата-ана бала мүддесін қорғамағаны үшін жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Маңғыстауда жыл басынан 200-ге жуық ата-ана бала мүддесін қорғамағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ювеналды полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Бүгінде облыста бұл салада өз ісінің нағыз мамандары қызмет етеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлерімен білім беру ұйымдарында үнемі профилактикалық кездесулер мен түнгі мезгілде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар өңірде жоспарға сай және тыс тұрақты негізде “Түнгі қаладағы балалар”, “Назар аударыңыз, балалар!”, “Жасөспірім” сияқты жедел-профилактикалық іс-шаралар да өткізіліп тұрады.

Маңғыстау облысында жыл басынан бері түнгі уақытта заңды өкілсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 4625 жасөспірім анықталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Ал 104 ата-ана балаларының ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-тің 132-бабы бойынша шара қолданылды. Тоғыз айдың қорытындысына сәйкес, әкімшілік кодекстің 127-бабымен 182 жасөспірімнің заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Айта кетейік, 23:00 кейін кәмелет жасына толмаған жасөспірім тұрғынжайдан тыс жерде жүрсе, алғашында ескертумен шектеледі. Алайда заң бұзушылық бір жыл ішінде бірнеше рет қайталанса, айыппұлға әкеп соғады және бала автоматты түрде есепке алынады.

Өзгелердің жаңалығы