Маңғыстауда 150 келі бекіре тәркіленді

2 Наурыз 2023, 16:50
977
Бөлісу:
Маңғыстауда 150 келі бекіре тәркіленді

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында өңірде 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында республикалық “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сағат 00:20 шамасында республикалық маңызы бар Форт – Шевченко – Ақтау тас жолының 89/43 шақырымында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасы, Маңғыстау облысы ПД табиғатты қорғау полициясы облыстық балық инспекциясы және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Ford mondeo автокөлігі тоқтатылды. 

Автокөлікті тексеру барысында, жүк салғыш бөлігінен салмағы 150,35 келіні құрайтын заңсыз ауланған 57 дана бекіре тұқымдас балық анықталды. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

Полицейлермен 35 және 39 жастағы күдікті азаматтар ұсталды. Тәркіленген балық “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесіне жіберілді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы