Маңғыстауда 130-дан астам жасөспірім полицияға жеткізілді

15 Желтоқсан 2023, 23:29
724
Бөлісу:
Маңғыстауда 130-дан астам жасөспірім полицияға жеткізілді
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Маңғыстау облысы полиция департаментінің жеке құрамы және білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері жұмылдырылып, күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Рейдтік іс-шара нәтижесінде өңір көлемінде түнгі мезгілде заңды өкілсіз тұрғынжайдан тыс жүрген барлығы 135 кәмелетке толмаған жасөспірім полиция басқармасына жеткізілді.

28 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталса, осы кодекстің 442-бабымен 138 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ әкімшілік кодекстің 435-бабында көзделген талаптарды елемей, құқық бұзушылыққа жол берген 18 азамат анықталды.

Өзгелердің жаңалығы