Маңғыстауда 12 құрылыс мекеменің қызметі тоқтатылды

Тексеру нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды

 BAQ.KZ архив 7 Маусым 2025 2025, 10:20
7 Маусым 2025 2025, 10:20
608
Фото: BAQ.KZ архив

Маңғыстау облысының прокуратурасы құрылыс саласында лицензия берудің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесімен 12 құрылыс мекеме заңсыз рұқсат алғаны анықталды. Оларды алу үшін құрылыс салушылар бір меншік иелерінен жалға алынған өндірістік базаларды пайдаланғаны, сонымен қатар өтінімдерде бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді жариялағаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды. Құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Прокуратура органдары лицензияларды жосықсыз алу фактілерінің жолын кесуді және өңірдің құрылыс саласында ашықтықты қамтамасыз ететін болады.

Наверх