Маңғыстау тұрғынынан 50 келі бекіре балығы тәркіленді

5 Сәуір 2023, 19:56
639
Бөлісу:
Маңғыстау тұрғынынан 50 келі  бекіре балығы тәркіленді
Фото: lada.kz

«Бекіре-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Форт-Шевченко қаласында тұрғынының үйінен жалпы салмағы 49 келіден асатын 5 дана бекіре балығы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта ұсталған 60 жастағы ер азаматқа ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасағаны үшін айыпталып отыр.

Аталған іске қатысты тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы