Маңғыстау облысының «Отеу-Бақай» жерінде 1000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Бүгiн, 00:31
123
Бөлісу:
Маңғыстау облысының «Отеу-Бақай» жерінде 1000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
Фото: gov.kz

ҚР АШМ Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті өтініш негізінде шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаруа қожалығын жүргізу үшін бөлінген жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Меншік иесіне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Нұсқаманың бір жыл ішінде орындалмауына байланысты сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды.

Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Сот шешімімен департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.

Өзгелердің жаңалығы