Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 1400-дан аса пәтер қолданысқа беріледі

27 Сәуір 2021, 15:22
1755
Бөлісу:
Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 1400-дан аса пәтер қолданысқа беріледі

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Мұнайлы ауданының Батыр елді мекенінде әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар үшін 80 пәтерге арналған баспана құрылысы биыл аяқталуы тиіс.

Өңірлік Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараевтың айтуынша, 2021 жыл аяқталғанша Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында жоғарыда аталған санаттағы 72 отбасы қоныс тойын тойлайды.

Осы ауданда жалпы көлемі 3,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Ақтау қаласында көлемі 8400 шаршы метрлік бастапқы тұрғын үйлерден 153 пәтерді сатып алу үшін бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлініп тұр.

Айта кетейік, несиелік тұрғын үй бағыты бойынша биыл 1 мың 102 пәтерге арналған аумағы 102,688 мың шаршы метрлік баспаналар құрылысын аяқтауды көздеп отырмыз. Соның ішінде Ақтаудың 19 а шағын ауданында 432 пәтерлік тұрғын үйлер салынып жатыр. Нысан осы жылдың 3-тоқсанында қолданысқа беріледі. Сосын «Аққу» ықшам ауданында 3-кезектегі тұрғын үйлер биыл толықтай салынып бітеді деп отырмыз. Бұл ретте 670 пәтер пайдалануға беріледі, - деді басқарма басшысы.

Шенеуніктің сөзінше, Ақтау қаласының 18-мөлтек ауданында бой көтеріп келе жатқан тұрғын үйлер де жуық арада халық игілігіне берілуі тиіс. Жалпы көлемі 10 мыңнан астам шаршы метрді алып жатқан бұл баспаналар 180 пәтерге есептелген.


Өзгелердің жаңалығы