Маңғыстау облысында спорт кешені қолданысқа берілді

19 Ақпан 2021, 15:23
2325
Бөлісу:
Маңғыстау облысында спорт кешені қолданысқа берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында салынған спорт кешенін өңір тұрғындарының игілігіне берді.

Маңғыстау облысында спорт кешені қолданысқа берілді

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ақпаратына сәйкес, спорт кешенінің ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы қатысты.

Маңғыстау облысында спорт кешені қолданысқа берілді

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт, медресе салудың сауабы қандай үлкен болса, ел игілігі үшін берілген көпір, жол, емхана құдық, спорт кешені сынды ғимараттарды тұрғызу сондай қайырлы істің бірі екенін атап өтті.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз өткен жылы 30 жылдық мерейтойымыз аясында шалғай ауылдарға құдық, көпір, емхана, жол салуға үлес қостық. Осынау ізгі ісіміздің жалғасы ретінде бүгін спорт кешенін халық игілігіне беріп отырмыз. Мешіт, медресе салудың сауабы қандай үлкен болса, ел игілігі үшін берілген көпір, жол, емхана құдық, спорт кешені сынды ғимараттарды тұрғызу сондай қайырлы істің бірі. Осы іске үлес қосқан барша азаматқа Алла разы болсын деймін. Біз мемлекеттің бұқаралық спортты дамытуға арналған бастамаларына үлес қосуды жалғастыра береміз. Өйткені жастардың жаны мен тән саулығы - маңызды мәселе. Оған үлес қосу – баршаға ортақ іс. Ғалымдарымыз: «Атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру – созылмалы аурулардың бірден-бір дауасы» деген. Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Өйткені ол – қуат. Дене қуаты, ой ұшқырлығы, иман қуаты – ер жігіттің көркемдігі, - деді ол.
Маңғыстау облысында спорт кешені қолданысқа берілді

Сонымен қатар спорт кешенінің ашылу рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы Бас мүфти бастаған имамдарға үлкен алғысын білдірді.

Маңғыстау облысында спорт кешені қолданысқа берілді

Құрметті Бас мүфти! Сізбен осындай игі іс-шараның куәсі болғаныма қуаныштымын. Өзіңіз бастаған имамдар қайырымдылық жұмыстарға белсенді түрде атсалысуда. Сізге және барша дін қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Осы кешеннен мықты спортшылар шығуына тілектеспін, - деді әкім.

Маңғыстау облысында спорт кешені қолданысқа берілді

Айта кетсек, спорт кешенінің жалпы аумағы – 1300 шаршы метр. Ғимарат халықаралық талаптарға сәйкес салынған.

Маңғыстау облысында спорт кешені қолданысқа берілді


Өзгелердің жаңалығы