Маңғыстау облысында Otpannews.kz ақпараттық сайты ашылды

Бүгiн, 13:45
288
Бөлісу:
Маңғыстау облысында Otpannews.kz ақпараттық сайты ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан Ниязқұлов

Қазақстанның медиа кеңістігіне жаңа БАҚ – Otpannews.kz ақпараттық порталы қосылды. Портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар таратады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпараттық порталда жаңалықтар мен журналистік зерттеулерден өзге «Түбектен түлегендер», «Ел аузында», «Эксклюзив» атты айдарлар бар. Сайтта жарық көрген ақпараттарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жариялайтын әлеуметтік медиа маркетингі де жолға қойылған. Инстаграм әлеуметтік желісіндегі «Сіз білесіз бе?» айдарында көнерген сөздер, бүгінгі күні көп естіле бермейтін, ұмыт болған салт-дәстүрлер хақында сауалнама жүргізіледі. Сонымен бірге өңірдегі ерекше кейіпкерлер таныстырылады.

Маңғыстау облысында Otpannews.kz ақпараттық сайты ашылды
Маңғыстау облысында Otpannews.kz ақпараттық сайты ашылды

Өзге өңірлердегідей емес, Маңғыстауда бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде интернет сайттарының саны аз. Аталған олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жаңа жобамызды жүзеге асырдық. Бүгіннен бастап көзі қарақты көрермен мен ойлы оқырманға жаңа «Otpannews.kz» сайты қызмет етеді. Жаңа ақпараттық порталда тәжірибелі тілшілер мен жалындаған жас журналистер еңбек етеді, - дейді «Маңғыстау медиа» медиахолдингі ЖШС директоры Гүлмира Әбішева. 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа ақпараттық порталдың ашылуымен арнайы құттықтап, жеделхат жолдады. Онда аймақтағы ақпараттандыру саласының маңыздылығы туралы айтылған. 
Жаңа сайттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев ұжымға толайым табыс тіледі.

Маңғыстау облысында Otpannews.kz ақпараттық сайты ашылды

 Ақпарат саласы дамыған кезеңде медианың маңызы зор. Otpannews.kz сайты атына заты сай болып, ақпарат шыңында болуын тілеймін. Шынайы әрі жедел хабар таратып, оқырманның көзайымына айнала берсін, - деді ол.

Сайт Маңғыстаудағы ең биік нүкте – Отпан тау атауын иеленіп отыр. Бұл – халқымызды бір мақсат пен мүддеге тоғыстырған, ел хабаршысы болған қасиетті мекен. 

Маңғыстау облысында Otpannews.kz ақпараттық сайты ашылды

Бұл — жүректерінде ұлтына деген перзенттік махаббаты бар жастардың бастамасы мен қадамы. Талаптарыңа нұр жаусын! Өрелерің «Отпандай» биік болсын!, - деді жиын барысында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Президент сыйлығының иегері Сабыр Адай.

Маңғыстау облысында Otpannews.kz ақпараттық сайты ашылды
Өзгелердің жаңалығы