Маңғыстау облысында ауыз судың сапасы талқыланды

8 Қаңтар 2024, 15:05
621
Бөлісу:
Маңғыстау облысында ауыз судың сапасы талқыланды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысында  ауыз судың сапасы мен су құбырын қалпына келтіру мәселелерін  тұрғындарымен бірге талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысында болып, су ресурстары және ирригация министрінің орынбасарымен бірге өңірді сумен жабдықтау нысандарын аралады.

Маңғыстау ауданының Бекі ауылында болған кезде «Басқұдық-Бекі» су құбырын қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің ақпараты бойынша республикалық бюджеттен осы нысанды қайта құрылымдауға 273 млн теңге, ал жергілікті бюджеттен 42 млн теңге бөлінген болатын. Дегенмен, сумен жабдықтау жүйесін енгізу кезінде кейбір проблемалар туындады. Сенатор жергілікті мәслихаттар депутаттарымен кездесулерде осы мәселе үнемі көтерілетіні туралы министрдің орынбасарын хабардар етті.

Қалыптасқан жағдайды шешу үшін су құбырын жергілікті атқарушы органдардың меншігіне толығымен беру қажет. Сондықтан кездесуге салалық министрдің орынбасары қатысады. Бұл мәселені жеке бақылауыңызға алып, істі соңына дейін жеткізу керек деп санаймын, - деді сенатор.

Министрдің орынбасары өз кезегінде «Басқұдық-Бекі» су құбыры қаңтар айының соңына дейін жергілікті әкімдіктің қарамағына берілетінін және қазіргі проблемалар екі жыл ішінде толық шешілетінін атап өтті.

Депутат Орынбасаров жұмыс сапары аясында «Құйылыс-ЦУВС-1» жерасты су өлшегіш магистральдық құбырында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Ол кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылған негізгі тақырыптарға жан-жақты тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы