Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында жаппай улану жағдайы болды. Тұрғындар дәмханалардың біріне барғаннан кейін өздерін нашар сезінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Lada.kz хабарлауынша, 23 ақпан күні кешкісін орталық аудандық ауруханаға 23 адам түскен. Олар "Али-ман" мекемесіне барғаннан кейін ауруханаға түсті.
Науқастарға облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етіліп, қосымша 20 адамға орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды. Қазір осыған байланысты эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр, - деп жазылған Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасыны баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.