Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

19 Қазан 2021, 17:09
1729
Бөлісу:
 Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақытжан Аманжолұлы Қашақов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ол Қазақ-Америка университетінде «Қаржы және несие» мамандығы, Дикинсон мемлекеттік университетінде «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Мехника және технологиялар бакалавры» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Терра Холдинг ЛТД» ЖШС директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып бастаған.

 Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші салық инспекторы, Қаржы министрлігі Салық комитетінің халықаралық салық салу басқармасының бас сарапшысы, Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің Тұрғын үй құрылысы департаментінің ведомстволық бағынысты қаржы ұйымдарымен жұмыс басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Өңірлік даму министрлігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің Құрылыс және қаржы институттарымен жұмыс басқармасын, кейін Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы экономикалық талдау басқармасын басқарды.

2016-2019 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

 



Өзгелердің жаңалығы