Қаңтардың он төртінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне кандидатурасы ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасары Тілек Көшмағанбетовты таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Тілек Жеткізгенұлы Көшмағанбетов 1979 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі - жоғары. 2002 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы «Нефтебанк» акционерлік қоғамында несие бөлімінің маманы қызметінен бастап, кепілдік беру бөлімінің бас маманы, несие бөлімінің менеджері қызметін атқарды.
2006 -2007 жылдары «ТМ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
2007-2010 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымын атқарды.
2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2012-2015 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2015 -2019 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды.
2019-2022 жылдары Маңғыстау ауданының әкімі лауазымын атқарды.
Жарас Мақсатұлы