Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп арнайы іс-шара жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде 2025 жылғы 9 қарашада Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, күдікті 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болған және нақты қызметтік міндеттерін атқармаған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.