Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайда өтетін гран-при кезеңіне қатысады

Бүгiн, 06:27
217
Бөлісу:
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайда өтетін гран-при кезеңіне қатысады
Фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан мәліметке сүйенсек, гран-при 22 қарашада басталады. Ерлер арасындағы жарыста осы күні қысқа бағдарлама бойынша сайыс өтеді.

Еркін бағдарлама 23 қарашада ұйымдастырылады. Ерлер арасында медаль үшін 12 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, Шайдоров бұған дейін Францияда өткен гран-при кезеңінде төртінші нәтиже көрсеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы