Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте көтерілді

Бүгiн, 20:02
122
Бөлісу:
Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте көтерілді
Фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасынің өкілі Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Үздіктер тізімі жаңарғаннан кейін спортшы 13-орыннан 11-орынға көтерілген. Бұған оның жуырда Астанада өткен Денис Тен мемориалындағы жеңісі сеп болды. Алтын жүлде оған 300 ұпай әкелді.

Рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орынға франциялық Сяо Хим Фа жайғасқан. Үшінші орында Као Миура тұр.

Өзгелердің жаңалығы