Мандат емес, міндет – Бекарыс Шойбеков

15 Қаңтар 2021, 20:10
3065
Бөлісу:
Мандат емес, міндет – Бекарыс Шойбеков

Алматы, BAQ.KZ. Айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері  Бекарыс Шойбеков facebook-тегі парақшасына Түркістан облыстық мәслихатында депутат ретінде жұмысын бастағанын мәлімдеді.

Бүгін Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты өз жұмысын бастады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған азаматтардың қолдарына мандат тапсырып, мойнымызға міндет жүктеді. Міндетіміз - партияның сайлауалды бағдарламасының мүлтіксіз орындалуы үшін жұмыс жасау. Үлкен ыждахатпен жазылып-сызылып, кесіліп-пішілген бағдарламадағы қыруар шаруаны шашау шығармай атқаруға атсалысу. Киелі Түркістанның қайта өрлеу шағында мұндай міндетті арқалау да абырой емес пе? Соның өзі ойға қуат, бойға күш бермей ме? Ендеше, нартәуекел, баршамызға Алла жар болсын!,-деп жазды ақын.

Айта кетсек, облыс мәслихатына 45 депутат өткен, оның 37-сі «НұрОтан» партиясының үлесінде, «Ақ жол» мен  «Ауыл» партияларында  4 орыннан.

Өзгелердің жаңалығы