Жеңістің 79 жылдығына орай елімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қанша теңге көлемінде біржолғы төлем берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана ардагерлері қанша теңгеден алады?
Астана әкімдігінің шешімі бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасы екі есеге ұлғайды. Осылайша, ҰОС ардагерлері 2 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда елордада ҰОС-тың 7 ардагері тұрады.
Сонымен қатар, төлемдерді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) (ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер. азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған адамдар және олардың балалары, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты) - 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде алады.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы действий қимылдарының ардагерлерінен басқа) (Тәжік-Ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында міндеттерді орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуде – 45 АЕК (166 140 теңге).
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедегінің жұбайы (зайыбы) – 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде алады.
Алматыда ардагерлер қанша теңгеден алады?
Алматы қаласы мәслихатының бұрын бекітілген шешімі бойынша Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңге көлемінде бір реттік көмек берілетін. Былтыр айтылған көмекті 56 ардагер алды. Қазіргі уақытта Алматы қаласының аумағында 44 ардагер тұрады. Осы орайда Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бір реттік төлем мөлшерін 2 миллионға дейін өсіру ұсынылды.
Мәслихат депутаттары ортаға салынған ұсынысты қолдап, бірауыздан шешім қабылдады. Жеңістің 79 жылдығына орай биыл алматылық ардагерлерге 2 миллион теңге төленеді.
Қарағандыда қанша төленеді?
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 12 ардагері тұрады. Олардың барлығына Жеңіс күніне дейін 2 млн теңге беріледі.
Сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша 3 219 адам Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген. Олардың 10-ы Ленинград қоршауынан аман шыққандар, 34-і концлагерь тұтқындары, 135-і қайтыс болған қатысушылар мен соғыс мүгедектерінің әйелдері, 3040-ы тыл еңбеккерлері.
Бір реттік қаржылық төлемді кім алады:
- концлагерь тұтқындарына – әрқайсысына 200 мың теңге;
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың жесірлері мен әйелдеріне – әрқайсысына 50 мың теңге;
- қоршауда қалған Ленинград тұрғындарына – әрқайсысына 200 мың теңге;
- «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне – әрқайсысына 100 мың теңге;
- 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - әрқайсысына 100 мың теңге.
Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Қарағанды облысының қалалары мен аудандары бюджетінен барлығы 3231 адам төлем алады.
Облыс аймақтарында ҰОС қатысушылары шағын және орта бизнеске бекітілген. 9 мамыр қарсаңында ардагерлерге бюджеттен тыс қаржы көздерінен материалдық көмек көрсету жоспарланып отыр. Қайырымдылық шаралары да қарастырылған.
БҚО-да қанша теңге?
9 мамыр Жеңіс күніне орай аудандық қалалық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген “Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына” сәйкес біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 4 828 азаматқа жалпы сомасы 341,2 млн теңге көлемінде төлем беріледі.
Батыс Қазақстан облысында 9 мамырға орай бірыңғай әлеуметтік төлемнің көлемі мынадай болады:
- ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына (14 адам) – 1,5 млн теңге;
- Ленинградтағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтарға (2 адам) – 120 мың теңге;
- фашистік концлагерьлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындарына (6 адам) – 120 мың теңге;
- қайтыс болған екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың және мүгедектерінің және оларға теңестірілгендердің әйелдеріне (151 адам) – 30 мың теңге;
- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда еңбек еткен адамдарға (наградталған және марапатталмаған) (2494 адам) – 50 мың теңге.
Тағы қосымша санаттағы 2 161 адамға 190 млн теңге төленеді:
- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (628 адам) – 80 мың теңге (алғашқы төлем 15 ақпанда 100 мың теңге көлемінде берілді);
- Тәжік-Ауған секторының, Таулы Қарабахтың, Ирактың әскери қызметкерлері (683 адам) – 100 мың теңге;
- Чернобыль апатының зардаптарын жоюшыларға – 100 мың теңге;
- қайтыс болған Чернобыль мүгедектерінің отбасыларына – 60 мың теңге (барлығы 381 адам);
- Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар нәтижесінде мүгедек болғандарға (213 адам) – 100 мың теңге;
- бейбіт уақытта қаза тапқандардың отбасыларына (165 адам) – 60 мың теңге;
- бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде алған жарақаты, контузиясы, жарақаты салдарынан мүгедек деп танылған әскери қызметшілерге (52 адам) – 100 мың теңге.
Ақмола облысының ардагерлері қанша алады?
Биыл Ақмола облысы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасын ұлғайтты. ҰОС ардагерлері 3 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда облыста 6 ардагер тұрады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар өңірлік басқармасының ақпараты бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де 10-нан 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төлем алады.
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдар және басқа мемлекеттердің аумағындағы қимылдарының ардагерлері 25 АЕК алады.
Еске сала кетейік, 1 АЕК 3 692 теңгеге тең.
Жетісу облысының ардагерлері қанша алады?
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Жетісу облысындағы соғыс ардагерлерінің әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алады. Атап өтсек, бүгінгі күні өңірде ҰОС-ның 4 қатысушысы тұрады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, сонымен қатар бір реттік төлем алатындардың қатарында бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған 96 әскери қызметші, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамында болған адамдар қатарынан 1 адам бар. Олардың барлығы 100 мың теңгеден бір реттік төлемақы алады.
Сол сияқты Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) қатарындағы 52 адамға 60 мың теңгеден, жалпы сомасы 3,1 млн теңге беріледі.
Оған қоса Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген), бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған 2 332 адамға 60 000 теңгеден жалпы сомасы 139,9 млн. теңге төленеді.
Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан (Тәжік-Ауған аумағындағы әскери қақтығысқа қатысқандар - 240, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына қатысқандар - 7, Таулы Қарабақ этникааралық қақтығысына қатысқандар - 76) ардагерлер де назардан тыс қалмайды. Осы санаттағы азаматтарға 150 мың теңгеден жалпы сомасы 48,4 млн теңгеден астам бір реттік материалдық көмек беріледі.
Жалпы 2024 жылы жергілікті бюджеттен біржолғы материалдық көмек төлеуге барлығы 2 808 азаматқа 207 190 000 теңге қарастырылды.
Алдағы уақытта BAQ.KZ редакциясы қалған өңірлерде қандай төлем берілетіні жайлы хабарлайды.