650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр, оның 255 140 жуығы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше,тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімін жыл сайынғы түгендеу Қазақстанда 300 мыңға жуық адам тізімнен шығарылуы мүмкін екенін көрсетті. Яғни, талапқа сай келмейтін, баспанасы бар немесе заң бойынша тұрғын үй алуға өтініш беруге құқығы жоқ тұлғаларды айтып отырмыз.
«Түгендеу» - бұл жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты орналасқан жерін, олардың мақсатын, өлшемін, ауданын, нақты пайдаланылуын, құрамын және техникалық жағдайын анықтауды тексеру және анықтау.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін, әкімдіктер жалпы саны 32 931 азаматты кезектен шығару туралы қаулы қабылдады.
Кезекте тұрғандар арасындағы ең үлкен сәйкессіздіктер келесі себептер бойынша анықталды:
- кезекте тұрған адамның және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үй жылжымайтын мүлкі болса;
- кезекте тұрған адамның отбасы мүшелері туралы деректердің сәйкес келмеуі;
- әлеуметтік жағдайының сәйкес келмеуі (толық емес отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедектер және т.б.);
- мемлекеттік қызметші мәртебесінің сәйкес келмеуі (АЖ-де ekyzmet болмауы).
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап министрлік kezekte.kz ақпараттық жүйесін әзірлеушілермен бірлесіп, сәйкессіздіктер анықталған кезекте тұрғандарды жеке деректерін жаңарту қажеттілігі туралы SMS хабарлама арқылы хабардар ету туралы шешім қабылдады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктерге мәліметтерді жаңарту үшін белсенді түрде келе бастады. Бүгінгі таңда, 34 мың азаматты кезектен шығару туралы шешім қабылданды. Мамыр айынан бүгінге дейін 17 000 азамат кезектен шығарылды.