МӘМС жарналарын адамдардың өздері басқара алуы керек - депутат

27 Қаңтар 2025, 14:00
265
Бөлісу:
МӘМС жарналарын адамдардың өздері басқара алуы керек - депутат
Фото: автордан

Қазақстандықтарға МӘМС жарналарының бір бөлігін басқару мүмкіндігін өздеріне беру ұсынылды. Мұны Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат МӘМС жүйесіне кірмеген азаматтардың саны артып келе жатқанын атап өтті.

МӘМС жүйесі енгізілген кезеңде мұндай азаматтардың саны 3 миллион адамды құраған еді. Былтыр бұл көрсеткіш 3,1 млн-ға жетті, ал қазір ол 3,5 млн-нан асты. Мұндай азаматтар уақытында медициналық көмек ала алмайды, скринингтерден өте алмайды және басқа да медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Бұл азаматтар МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен тиімділігіне қызығушылық танытпайды, - деп, осы себептен төлеушілердің жеке пайдасына бағытталған қосымша ынталандыру шаралары қажет санайды Асхат Аймағамбетов.

Ұсынылған шешімдердің бірі – жұмысшының жарнасының бір бөлігін жеке шотына аудару арқылы жеке жинақтарды қалыптастыру мүмкіндігін беру. Дәлірек, жарна сомасының 30-50%-ы. Бұл қаражатты азамат өз қалауы бойынша емделу үшін, ерікті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы сақтау үшін немесе жинақ ретінде пайдалана алады.

Бұл ұжымдық сақтандыру жүйесінен ұжымдық-жинақтаушы жүйеге өтуді білдіреді. Сонда азаматтар өздерінің жарналарының бір бөлігін ала алатынын, оны жинап, басқара алатынын, қажет болған жағдайда ерікті полис сатып алып, денсаулығын сақтандыра алатынын түсінеді. Сол кезде ғана МӘМС-ке деген қызығушылық пен сенім артады. Мұндай тәсіл шамамен 5 млн адам үшін әділетті болады және жүйеге жаңа серпін береді, – деп түсіндірді Мәжіліс депутаты.

Өзгелердің жаңалығы