МӘМС мәртебесін алу үшін ШОБ өкілдері қызметкерлер тізімін жаңартуы тиіс

22 Қаңтар 2021, 10:47
1401
Бөлісу:
МӘМС мәртебесін алу үшін ШОБ өкілдері қызметкерлер тізімін жаңартуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ӘМСҚ елордалық филиалы ШОБ субъектілеріне МӘМС мәртебесін алу үшін қызметкерлер тізімін жаңарту керектігін еске салады.

Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 33 585 ШОБ субъектілері тіркелген. Олардың ішінде 20 107 (59,9%) - ақпараттық жүйеде өз деректерін жаңартқан, ал 13 478 (40,1%) - ақпараттық жүйеде өз деректерін әлі жаңартпаған, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2021 жылғы 25 қаңтарға дейін шағын және орта бизнес кәсіпкерлері жеңілдікті санаттарына жататын өз қызметкерлерінің деректерін (ЖСН) msb.fms.kz сілтемесі бойынша Saqtandyry ақпараттық жүйесіне енгізіп, жаңартып отыруы тиіс екенін еске салады. 

Уақытылы енгізілмеген жағдайда, қызметкерлер сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты МӘМС жүйесінде медициналық көмекке жүгіне алмайды.

Бұл іс-шараны шағын және орта бизнес өкілдері тұрақты түрде есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жүргізуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 қаулысы шықты, құжатқа сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдарды төлеуден босатылған болатын.

Пандемия кезінде нөлдік мөлшерлемені қолданған ШОБ тізіміне: сауда, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй ісі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес және т. б. субъектілер кірді.

Өзгелердің жаңалығы