Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қазанда ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға&nbsp;барады, деп хабарлады&nbsp;primeminister.kz.&nbsp;&nbsp;</h4>

 28 Қазан 2019 2019, 16:44
28 Қазан 2019 2019, 16:44
2102

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қазанда ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады, деп хабарлады primeminister.kz.  

"30 қазанда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барады. Бұл Қазақстан Үкіметі басшысының Нидерландыға екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапары болады, онда Нидерланды Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттемен кездесу өтеді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды", - делінген жарияланған ақпаратта. 

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан-Голландия бизнес-форумына қатысып, Shell, Bitfury, Suez Group, Farm Frites, Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компанияларымен келіссөздер өткізеді және бірқатар инновациялық нысандарды аралайды.

Наверх