Асқар Мамин Ресей мен Беларусь үкіметінің басшыларымен сөйлесті

13 Наурыз 2020, 15:44
1207
Бөлісу:
Асқар Мамин Ресей мен Беларусь үкіметінің басшыларымен сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Михаил Мишустинмен және Беларусь Республикасының премьер-министрі Сергей Румаспен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады.

Үкімет басшылары Қазақстан-Ресей және Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. 


Өзгелердің жаңалығы