Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасындағы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практика жүзінде іске асырылуын талқылады.
Үкімет басшылары бүгін Қарағанды қаласында іске қосылған «Спутник V» вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Сондай-ақ әңгімелесу кезінде сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.