Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы тақырыбы талқыланған Үкімет отырысында айтты.
Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады.Былтыр пандемияға қарамастан егіс жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілді, - деді ол.
Мамин агротехнологиялар дәл сақталып, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары уақтылы салынғанын айтты.
Бұл мол астық жинауға мүмкіндік берді.Биылғы жылы Үкімет көктемгі егісті қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдерді қабылдады.Бюджеттік кредит берумен қатар биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі 24,5 млрд теңгеден 45,3 млрд теңгеге дейін артты, - деді премьер-министр.
Ол атағандай, сондықтан осы механизмді пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға ерекше назар аудару керек.
Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің алдында барлық көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша нақты міндет тұр. Осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Экология министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, республиканың оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын, - деді ол.
Асқар мамин өңірлердің әкімдеріне тізбелер мен субсидиялар нормаларын бекіту жұмысын бір апта ішінде аяқтауды тапсырды.
Бұл мәселенің созылуы фермерлердің алдағы жұмысына әсер етуі мүмкін. Энергетика министрлігі бекітілген график пен бағалар бойынша егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының қажетті көлемін жеткізуді қамтамасыз етсін.Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алаңдарына жүргізіліп жатқан әртараптандыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға ерекше назар аударсын, - деді ол.