Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

3 Тамыз 2021, 12:10
2257
Бөлісу:
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды талқыға салды. Жағдайды негізге ала отырып, әкімдер мен министрлерге тапсырма берді.

Республикамыздағы эпиджағдайдың жақсаруы үшін карантиндік талаптардың сақталуын қадағалауды ол өңір әкімдері мен Денсаулық сақтау, Ішкі істер министріне тапсырды.

Қазіргі таңда «дельта» штамның таралуына байланысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша науқастар саны айтарлықтай көбейген. 3 тамыздағы жағдай бойынша, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы - 56%, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 44%-ды құрайды. Пандемиядан шығудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – вакцинация, - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ еліміз бойынша 5,5 млн адам вакцинаның І компонентін, 4 млн-нан астам адам ІІ компонентін салдырғаны туралы деректі келтірген Мамин бұл жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар барлық өңірде 2 тамыздан бастап қабылданған барлық шектеу шаралары мен карантиндік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін алға тартты.

Ashyq жобасы бизнеске жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Өңірлердің әкімдері мен Денсаулық сақтау министріне барлық ауруханалардың бастапқы мүмкіндіктерін, мобильдік бригадалары мен ПТР-зертханаларының үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмектің жеткілікті болуын қамтамасыз етуі қажет. ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бақылау мен оны сақтамауды анықтауға қатысты мониторингтік топ жұмысын күшейтуді жүктеймін. Мұның барлығын жалпы бақылауды Ералы Тоғжановқа (Премьер-министрдің орынбасары – ред.) тапсырамын, - деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия да алдын алу шараларын атқарып жатқан көрінеді.
Өзгелердің жаңалығы