Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

27 Сәуір 2021, 10:10
2126
Бөлісу:
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыспен қамту мәселесіне қатысты тапсырма берді.

«Еңбек» ұлттық жобасы экономика салаларын сапалы бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуі тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Осыған байланысты Мамин бірнеше тапсырма береді.

Еңбек министрлігі 1 маусымға дейін 2021-2025 жылдарға арналған «Еңбек» ұлттық жобасын Үкіметке енгізсін. Қолдау шараларын нысаналы топтардың проблемалары мен қажеттіліктерін ескере отырып бағыттау керек, - деп атап өтті Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Ұлттық экономика, Еңбек министрліктері мен әкімдіктер 1 шілдеге дейін жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын әзірлеуді тапсырды.

Оның сөзінше, жұмыспен қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге және тұрақты жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет. 

Еңбек, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері мен өңірлердің әкімдіктері «Еңбек» жобасының іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін, - деп тапсырма берді Мамин.


Өзгелердің жаңалығы