Мамин металлургияны дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

25 Сәуір 2020, 15:20
1254
Бөлісу:
Мамин металлургияны дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Саланы дамыту және ұсынылатын қолдау шаралары туралы Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ТМК кәсіпорындарын мазутпен және дизель отынымен қамтамасыз ету туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, табиғатты қорғау іс-шаралары туралы Геология, экология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, ТМК салалық кәсіпорындарындағы ахуал туралы Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, сондай-ақ "Арселор Миттал Теміртау" АҚ, "Қазмырыш" ЖШС, "ERG" компаниялар тобы және т. б. өкілдері баяндады.

Тау-кен өндірісі саласы — ҚР экономикасының негізгі салаларының бірі, осы жылдың І тоқсанында оң қарқын көрсете отырып, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ды құрады.

Кеңеске қатысушылар ҚҚС қайтаруды жеделдету және шегін ұлғайту, тиімділігі төмен кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін төмендету, "кедендік аумақта қайта өңдеу" режимі үшін кедендік тексерулерді шектеу жолымен, кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету және т. б. секілді тау-кен секторы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын қарастырды, - делінген таратылған ақпаратта.

ҚР Премьер-министрі А. Мамин ТМК кәсіпорындарында жұмыс орындарын сақтау және саланы одан әрі дамытуды ынталандыру мақсатында ұсынылған шаралар топтамасын қолдады.

Өзгелердің жаңалығы