Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ел тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Құрметті отандастар, баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке біздің ең асыл құндылығымыз – береке-бірлігіміздің символы. Көпұлтты қоғамның ынтымағының арқасында Қазақстан өзінің ықылым заманғы тарихында талай қиыншылықты еңсеріп, кемел келешегіне нық қадам басып келеді – делінген құттықтауда.
Сонымен қатар Премьер-минист қазіргідей күрделі кезеңде де бірлігіміздің арқасында сүрінбей өте алатынымызды айтты.
Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтіп, біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының даму жолын жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Қазақстандықтарға, әрбір отбасына зор денсаулық, өзара сыйластық, бейбіт өмір мен игілік тілеймін! - деді Асқар Мамин өз құттықтауында.