Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды

22 Маусым 2021, 15:03
2446
Бөлісу:
Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын алды. Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астам адам екінші компонентті алды.


Өзгелердің жаңалығы