Мамин елді Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

1 Желтоқсан 2021, 17:14
893
Бөлісу:
Мамин елді Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан халқын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің 30 жылында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың уақытылы әрі тиімді жүзеге асырылуының арқасында Қазақстан өзінің даму жолында елеулі серпіліс жасады – деді ол өз құттықтауында.

Бүгінгі таңда Қазақстан – экономикасы қуатты, Конституциясы озық, тиімді билік институттары бар, мемлекеттік шекарасы толықтай халықаралық тұрғыда ресімделген орнықты және прогрессивті мемлекет ретінде қалыптасты деп нық сеніммен айтуға болады.

Аймақтың заманауи экономикалық, әлеуметтік және мәдени орталығына айналған Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді. Елбасы экономиканың одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға жол ашатын Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің іргетасын қалап, стратегиялық бағытын айқындады. Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, татулық пен амандық тілеймін! – делінген Премьер-министрдің құттықтауында.
Өзгелердің жаңалығы